Полицейлер 19 жастағы өскемендіктен 8 орама марихуана тапқан
Полицейлер 19 жастағы өскемендіктен 8 орама марихуана тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен қаланың 19 жастағы тұрғынын ұстаған.
Үйді тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлел ретінде өсімдік тектес заттың 8 орамасын, сондай-ақ қоңыр-жасыл түсті тұқым мен 2 бұта және пластикалық ыдысты тәркілеген.
Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктінің тұрғылықты жерінде қарасора тұқымдас өсімдіктің екі бұтасы және 146 грамнан астам кептірілген марихуана сақталған.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.