Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есептегі сотталған қарияға қолғабыс етіп жүр

Ақтөбе облысының Қобда ауданында пробация есебіндегі сотталған жалғызбасты қарияға қолғабыс етіп жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қобда аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған 66 жастағы жалғызбасты көршісі қарияға жылдың төрт мезгілінде де күнделікті шаруасына: ауланы қардан тазалау, мал азығын беру, отын дайындау секілді тағы басқа тірліктерін атқаруға көмек беруді әдетке айналдырған.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған бұл ісін жасы келген жалғызбасты қарияға деген азаматтық қамқорлығым деп түсіндіреді екен.

Ал, Қобда аудандық пробация қызметкерлері болса, жалпы аталған пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен жыл бойына волонтерлік іс-шаралар жүйелі түрде атқарылып келетінін және волонтерлік сипаттағы қайырымдылық шараларының Пробация есебіне алынған сотталғандарды түзелу жолына түсірудегі маңызы зор екендігін айтады.

– Қазіргі таңда есепте тұрған бұл азаматтың тәртібі жақсы. Тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеруге барғанда, үнемі көрші қарияның тірлігіне көмек беріп жүргенін көреміз.
Жалпы, пробация есебінде тұрған сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға араластыру – олардың түзелу жолына түсуіне және қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі. Яғни, істі болса да бұл азаматтар қоғамға өз үлестерін қоса алады және кез келген қайырымдылық шарасына қатысып, қоғамға белсене араласу мүмкіндігіне ие, – дейді Қобда аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айгерім Жаңбырбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру