Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да дөңгелек үстел өтті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырысқа Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Роллан Менеев, № 43 мекеме бастығының орынбасары Асхат Оспанов, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері, ЖШС мен жеке кәсіпкерлер басшылары қатысты.

Мақсаты — Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД № 43 мекемелерінде шағын және орта бизнес ашу үшін кәсіпкерлерді тарту. Дөңгелек үстел барысында бизнес жүргізу жағдайларын дамыту, шағын, орта және ірі бизнестің, кәсіпкерліктің барлық саласының мүдделерін білдіру, кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерінің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, өңірлік бизнесті шоғырландырылған кәсіпкерлік қоғамдастықты қалыптастыру процесіне кеңінен қамту бойынша мәселелер талқыланды. Сонымен қатар сотталған адамдар үшін жұмыс орындарын ұлғайтуға қатысты мәселелер қаралды.

ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Үмітай Бисенбекова жұмысшы сотталғандардың жалақыларының уақытылы төленуі, жұмыс жасайтын орнында техниқалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құжаттардың жүргізілуі – еңбек келісім-шарты, бұйрықтар, есеп айрысу парағы туралы айтып өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру