Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында теміржолдан өту ережелерін бұзған жүргізуші анықталды

Павлодар облысында теміржолдан өту ережелерін бұзған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында теміржолдан өту ерелерін бұзған жүк көлігінің жүргізуші анықталды.

– Патрульдеу кезінде полицейлер ГАЗ 3302 автокөлік жүргізушісінің темір жол өткелдерінен өту ережелерін бұзу фактісін анықтады. 35 жастағы жүргізуші көлік құралын басқарған кезде теміржол өткелінде бағдаршам сигналының талаптарын елемегені анықталды. Осы бұзушылық үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 607-бабы 1-бөлігі (Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама құрастырылды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 607 – бабына сәйкес – темір жол өткелдерінен өту ережелерін бұзу, яғни темір жол өткелінен тыс темір жолдың қиылысы, жабық немесе жабылатын шлагбаум кезінде не бағдаршамның немесе өткел бойынша кезекшінің тыйым салу сигналы кезінде темір жол өткеліне шығу – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келіп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер-көлік құралын басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға алып келеді.

Полиция теміржол өткелі жолдың ең қиын және қауіпті бөлігі болып табылатындығын, назар аударуды және жол ережелерін қатаң сақтауды талап ететіндігін атап өтті. Жолдың осы учаскелерінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу қайғылы салдарға алып келуі мүмкін. Теміржол көлігінің басқа жол қозғалысына қатысушыларынан артықшылығы бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру