Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандарға релаксациялық сабақ «Mind машина» құрылғысын пайдалану арқылы өткізілді

Қызылордада сотталғандарға релаксациялық сабақ «Mind машина» құрылғысын пайдалану арқылы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандардың санасын тезірек сауықтыруға, айналадағы жағдайларға бейімделуге түзеу мекемесіндегі психолог маманының атқарар рөлі өте зор.

Сотталғандар арасында жағымды психологиялық күйді орнату мақсатында түзеу мекемесіндегі оңалту бөлмесінде арнайы психологиялық сергіту сәттері өткізіліп тұрады.

9 ақпан күні сотталғандар арасында релаксациялық сабақ «Mind машина» құрылғысын пайдалану арқылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде өткізілді. Мекеме психологы Ақгүл Аманова мен №68 мекемесінің психологы әділет капитаны А. сотталғандарға «Mind машина» психорелаксациялық аппаратын қолдану тәсілі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, іс жүзінде қолданылды. Сотталғандарға жағымды, құлаққа әсерлі әндер қосылып, оңалту жұмыстарын жүргізді. Психологиялық сергіту сәтіне кейін сотталғандар өздерінің жағымды әсерлерімен және ішкі көңіл-күйлерімен бөлісті.

– Бүгінгі релаксациялық сабаққа 30-дан астам сотталған қатысты. Аталмыш құрылғының көмегі сотталғандар құлаққа жағымды әуендерді тыңдай отырып, өз бойындағы тұйықтық, шаршаңқылық және ашушаңдық сезімдерінен арылуға оң әсерін тигізеді. Әр сотталғанға құрылғыны 15 минуттан пайдаланылады. Сотталғанның бірі отбасыдағы ата-анасының, балаларымның дауысы естілді десе, енді бірі әйелімнің дауысын естігендей болдым деп өз ойларымен бөлісті,- дейді мекменің психолог маманы Ақгүл Аманова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру