Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД қауіпсіздік мәселелерін қоғам белсенділерімен бірлесіп шешеді

Қостанай облысы ПД қауіпсіздік мәселелерін қоғам белсенділерімен бірлесіп шешеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Онда жұртшылықпен әріптестік аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды.

Кеңесте Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков қоғаммен тығыз әріптестікті орнатуға септігін тигізетін бағыттармен таныстырды.

– Бұл полиция жұмысын трансформациялау, азаматтардың жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздік қажеттіліктеріне бағдарланған модельге көшу жөніндегі шаралар. Басты мақсат – қоғамның сұраныстарына сәйкес келу, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Консультативтік кеңес органы өкілдері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу сияқты мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушыларды департаментте жүзеге асырылып жатқан жаңа жобамен таныстырды. Ол ведомствода үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

– Біз полицияда болып жатқан өзгерістерді көріп отырмыз. Бүгінгі таңда қоғаммен тығыз диалог жүргізіліп жатқаны маңызды, онсыз құқықтық тәртіп мәселелерін шешу қиын, – деп атап өтті ІІО ардагері, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы Сәрсенғали Аралбаев.

Қоғам қайраткері, журналист Аркадий Денисов түрлі институттарды құқықтық тәртіп мәселелеріне тарту «Қоғам-полиция» парадигмасын өзгертуге мүмкіндік беретініне сенімді.
Кеңес соңында консультативтік кеңес органы өкілдері тұжырымдамаға бірқатар ұсыныстар енгізіп, перспективалы жұмыс жоспарын белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру