Елордада жас жігіттің ұялы телефонын алдап иемденген ер адам анықталды
Елордада жас жігіттің ұялы телефонын алдап иемденген ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 жастағы жігіт полицияға арызбен жүгініп, белгісіз біреудің құны 80 мың теңге тұратын Huawei Y7 телефонын алдап алғанын хабарлаған.
Кешкі уақытта Петров көшесіндегі үйдің кіреберісінде жас жігіт бейтаныс ер адамды кездестіргені анықталды, ол әңгіме барысында қоңырау шалу сылтауымен телефонын сұраған. Телефонды алғаннан кейін күдікті біраз жерге алшақтап, содан кейін белгісіз бағытта қашып кеткен. Ұялы телефонды сатпақшы болып, «Артем» СҮ-нің ауданына барып, өтіп бара жатқан адамға 10 мың теңгеге сатып жіберген.
Күдікті Мүсірепов көшесіндегі сыра дүкенінде де осыған ұқсас қылмыс жасаған. Сенімге кіріп, елорданың 23 жастағы тұрғынына тиесілі Neffos XL lite телефонын алаяқтық жолмен иемденген.
Сонымен қатар, түнгі сағат 01:00 шамасында Рысқұлбеков көшесіндегі автотұрақта орын алған, КАМАЗ автокөлігіне дәнекерленген металл жәшіктен кілттер жиынтығын ұрлау фактісіне қатысының бар екені анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық және ұрлық жасады деген күдік бойынша 30 жастағы астаналық азаматты анықтады.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Бұған дейін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.