Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жаңа алаяқтық тізбегін тіркеді

Алматы полициясы жаңа алаяқтық тізбегін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлікті жалға алып, содан кейін оны сатып жіберген – алаяқтық дерегіне сәйкес қылмыстық іс бойынша алты адам ұсталды.

– 41 жастағы О. есімді азамат көлікті жалға берумен айналысатын ЖШС-нің бірімен Toyota Camry жалға алу шартына отырған кезде қылмыстық тізбек бұрмалана бастады. Нәтижесінде көлікті қайта сату тізбегіндегі алтыншы адам болып табылатын сатып алушыдан көлік тәркіленді. Тергеу, жауап алу және бетпе-бет беттестiру барысында мынадай мән-жайлар анықталды: жалдау шартын жасасқан О. есімді азамат, белгіленген жерден көлікті алып кетіп, оны ұрлап кеткендігі жайында хабар беруі керек болған адамды жалдайды. Соңғысы көзге түспес үшін үшінші адамның қызметіне жүгінген. Жоспар бойынша ол кеңсеге барып, көліктің кілтін алуы керек болған. Осы уақытта тізбектегі екінші адам Toyota көлігін келісілген жерге айдап алып келуі үшін тағы екі бейтаныс адамды жалдаған. Соңғы адам – сатып алушы, И. есімді азамат, одан ұрланған көліктің мемлекеттік нөмірлері тәркіленді. Бұл күдіктінің айтуынша, ол Toyota көлігінің ұрланғанын білмеген, ал «сатушы» оған көлікті қарызын өтеу ретінде алғанын айтқан, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Бұл алаяқтыққа қатысы бар күдіктілердің барлығы ұсталды. Қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер қамауда отыр.

ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру