Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғындарын 3 млн теңгеден астам соммаға сан соқтырған алаяқ ұсталды

Шымкент тұрғындарын 3 млн теңгеден астам соммаға сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездейсоқ таныстарының сеніміне кірген азаматша, жаңа кәсіп бастау және дамыту үшін оларға қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға көмегін ұсынған. Қаскөй өз “қызметтерін” 200 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін бағалаған. Бос уәдеге сенген бес азамат қызға жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам ақша берген.

Алаяқтық жайттары бойынша полицейлер бірқатар жедел іс-шаралар өткізді: жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алып, ақша аударымдарының түбіртектерін тексерді. Нәтижесінде күдікті анықталып, тұрғылықты жерінен ұсталды. 26 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны екендігі анықталды.

Қазіргі таңда аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) тергеу жүргізіліп жатыр.

Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс бас бостандығынан айыруға алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру