ШҚО-да заңсыз ауланған балықты тасымалдаған азамат ұсталды
Жетісу облысының тұрғыны Өскемен қаласынан Алматы қаласына құжатсыз 10 қап балық тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының соңында Алматы – Өскемен тас жолы бойынша 970 шақырымында патрульдеу маршрутында қызмет атқару кезінде облыстың 31 жастағы тұрғыны Жетісудың басқаруындағы ГАЗ автокөлігі тоқтатылды.
Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан мұздатылған балықтың 10 қабы табылды.
Алайда балыққа рұқсат беру құжаттары болмаған. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі бойынша (Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.