Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда волейбол мен оқ атудан нәзік жанды қызметкерлер арасында турнир өтті

Қостанайда волейбол және қарудан оқ ату бойынша полиция қызметінде істейтін әйелдер арасында турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының полиция департаментінде Халықаралық әйелдер күніне арналған спорттық жарыс ұйымдастырылды. 

 

Волейболдан жарысқа 5 команда қатысты. Атап айтсақ, Қостанай қалалық полиция басқармасы, Қостанай аудандық полиция бөлімі, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасы, Рудный қалалық полиция басқармасы, сондай-ақ Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының құрама командасы қатысты.

Қостанай облысының полиция департаментінде 600-ден астам әйел қызметкер жұмыс істейді. Бұл тергеушілер, анықтаушылар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және басқалары. Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев жарысқа қатысушыларды құттықтай отырып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Осы тамаша мереке қарсаңында біз әйелдер арасында волейболдан және қарудан оқу атудан арнайы турнир ұйымдастырдық. Сіз қылмыстық істерді тергеп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етесіздер. Отбасылық жайлылық пен жылулықты сақтайсыздар. Көктемнің ең жарқын мерекелерінің бірінде сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін, – деп атап өтті ол.


Волейболдан жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай қаласы полиция басқармасының командасы, екінші орынды Рудный қаласы полиция басқармасының командасы алса, үздік үштікті Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы түйіндеді.

Атыс бойынша жарыс жеке есепте өтті, ҚР ІІМ Қостанай академиясының қызметкері Ш.Қабылбаева Алена Полюхова бірінші орынды иеленді, екінші орынды СОБР қызметкері Алиса Бисембаева, үшінші орынды Қостанай ауданы ББ қызметкері Әлия Байбосынова иеленді.

Жарыстың барлық қатысушыларына естелік кубоктар, сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру