Абай облысы ҚАЖД-да ҚР Бас прокуратурасы мен пробация қызметтерінің бірлескен семинары өтті
Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының қызметкерлерімен және аумақтық пробация қызметтерімен бірлескен семинар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семинар жұмысына пробация қызметтерін басқару бөлімі, аумақтық пробация қызметтері және басқарма өкілдері қатысты.
Абай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметтерін басқару бөлімінің бас маманы әділет капитаны Инара Джусупова семинардың жұмысын ашып, күн тәртібін атап өтті.
Күн тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидалары және қамауда ұсталған және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу мәселелері қаралды.
Келесі сөз кезегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарма бөлімінің прокурорына, екінші санатты заңгер Жан Айтқалиевке берілді, онда ол проблемалық мәселелер мен оларды жою тәсілдерін айтты. Сонымен қатар ақпараттық есепке алу құжаттарын ресімдеу нысандары мен тәртібі, сондай-ақ ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну тәртібі мен мерзімдері уақытылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша таныстырды.
Іс-шараны аяқтай отырып, қатысушылар статистикалық есептер мәселелері бойынша пікір алмасты.