Павлодарда есірткі саудасына қатысты күдіктіден 57 грамм гашиш тәркіленді
Павлодарда есірткі саудасына қатысты күдіктіден 57 грамм гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі саудасына күдікті Павлодар қаласының 60 жастағы тұрғынын өңірлік полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері ұстады. Жеке тексеру кезінде оның сұр-жасыл түсті белгісіз заты тәркіленді.
Тінту кезінде, тұрғылықты жері бойынша, жедел уәкілдер әртүрлі калибрлі белгісіз зат пен тегіс ұңғылы қарудың патрондары бар орамдарды, ал үй иесінің аумағында орналасқан гаражда құрамында есірткі бар өсімдіктің кептірілген бұталарын тапты.
Зерттеу нәтижелері бойынша алынған заттардың жалпы салмағы 57 грамм болатын гашиш есірткі заты екендігі анықталды.
– Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігінде (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЕҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.