Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ширек ғасырға жуық уақыт полиция қызметіндегі бикеш

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.

Ішкі істер органдарының кадр қызметінің бөлімшесі оның визиттік карточкасы, бүкіл жүйенің жұмыс тәртібінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін «моторы» десек те болады. Бұл үшін логикалық түсініктеме бар.

Расында, ішкі істер органдарында қызмет етуге бел буған кез-келген адамның алғашқы қадамы кадр қызметінен басталады. Болашақта кадр қызметкерлері бүкіл мансап жолында «погондағы адамды» сүйемелдейді, сайып келгенде, бұл ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шығудың барлық тәртібімен айналысатын кадр бөлімі. Ал елордалық полицияның кадр қызметкерлерінің жұмысында бұдан да неше түрлі және қызықты нәрселер бар.

Осы және басқа да көптеген жайттарды қатардағы полицейден полиция полковнигіне дейінгі қиын жолды басып өткен Астана қаласы кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Жанар Бекеновадан білдік.

Жанар Бекенова Щучинск облысында дүниеге келген. Оның балалық шағы мен оқу жылдары Щучинск қаласында өтті, және орта мектепті де сонда бітірген.

– Мен милицияда қызмет еткен әкем мен атамның жолын қуу үшін полицияға баруды шештім. Бала кезімнен полиция қызметінің атмосферасын бойыма сіңіріп, есейген соң, саналы түрде өмірлік жолымды таңдадым, – дейді Жанар.

Ішкі істер органдарында 23 жылдан астам қызмет атқарып келемін. Еңбек жолымды Ақмола облысы ІІД жол полициясы басқармасынан бастап, тіркеу-емтихан бөлімінде, штабта және профилактикалық бөлімде жұмыс істеп, жол-көлік жарақатының алдын-алумен айналыстым, жас жол инспекторлары арасында түрлі жарыстар өткіздім, мен үшін оларды ұйымдастырушылық сәттері қызықты болды, – деп есіне алды.

Жанар Қосымбайқызы 2009 жылы отбасымен елордаға көшіп келіп, содан бері кадр қызметінде еңбек етіп келеді.

Бұл өте жанды жұмыс. Өйткені ол күнделікті қарым-қатынаспен байланысты. Ал қызметкерлер өте әртүрлі. Әркімге өз көзқарасы қажет. Сондықтан кадр қызметкері мұнда әртүрлі кейіпте әрекет етеді: психолог ретінде де, тәлімгер ретінде де, тәрбиеші ретінде де.

Жанар Бекенова қызмет еткен жылдары өзінің мамандық таңдауына бір минут та күмән келтірген емес. Жұмыс бос уақытын қалдырмайтынына қарамастан, ол йога мен жүгіруді ұнатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру