Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда жас ана түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын босатылды

Жамбылда жас ана түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылда өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген жас ана мерзімінен бұрын босатылды. Сот үкімімен оның жазасының өтелмеген бөлігі жаза өтеудің неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылды.

1998 жылғы келіншек ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағына сай кінәлі деп танылып, 2021 жылы абақтыға қамалған. Бүгінде оның 1,5 айлық сәбиі бар. ҚАЖ қызметкерлері мерзімінен бұрын еркіндікке шыққан жас ананы шығарып салу барысында оның алдағы өміріне сәттілік тілеп, қайта қылмысқа бармауын қатаң ескертті.

Айта кетейік, жас ананың құндақтағы сәбиінің денсаулығы бұған дейін түзеу мекемесіндегі медициналық бөлім қызметкерлерінің бақылауында болған еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру