Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО табиғатты қорғау полицейлері тіркелмеген 26 қаруды тәркіледі

СҚО табиғатты қорғау полицейлері 18 күн ішінде 26 бірлік тіркелмеген қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 ақпан мен 13 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері басқа бөлімшелермен, сондай-ақ СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, табиғи ресурстар басқармасының, “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеді.

Күшейтілген рейдтер барысында аң аулау ережелерінің 185 бұзушылығы және балық аулау ережелерінің 43 бұзушылығы анықталды. Полицейлердің назарын қару ережелерін бұзу фактілері аударды. Оны тек разрядталған, бөлшектелген және қапталған түрде тасымалдауға рұқсат етіледі. Бұл шаралар жазатайым оқиғалар мүмкіндігін болдырмауға бағытталған. Сонымен қатар көптеген аңшылар бұл қауіпсіздік ережелерін елемейді. Бұл үшін 63 аңшы жауапқа тартылды. Ал 26 жағдайда полицейлер тіркелмеген қаруды иелену фактілерін анықтады.

– ЖПІШ кезінде барлығы 323 түрлі заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 185-і аң аулау ережелерін және 43-і балық аулау ережелерін бұзған. Өңірдің табиғи әртүрлілігін сақтау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жалғасып жатыр, – деп хабарлады СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру