Елорда полицейлері екі ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады
Елорда полицейлері екі ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұрлық фактісі бойынша полицияға елорда тұрғыны арызбен жүгінді. Тергеу барысында Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері елорданың 45 жастағы тұрғынын анықтады.
Күндізгі уақытта ол құлыпты бұзу арқылы жатақхана бөлмесіне кіріп, бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөреден ақша салынған әмиянды тауып алып, оны иемденіп алған.
Елорда полицейлері оның тағы бір осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екендігін анықтады. Пластикалық терезені бұзу арқылы ол үйге кіріп, сөреден ақша, банк картасы мен алтын бұйымдарды алып, иемденіп кеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ер адам Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.