Қостанай облысы өңірлік деңгейде азаматтарды қабылдау өткізіп жатыр
Қостанай облысы өңірлік деңгейде азаматтарды қабылдау өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылдауға мемлекеттік органдардың өкілдері, оның ішінде полицейлер де қатысып жатыр. Азаматтар түрлі сұрақтар бойынша жүгініп келіп жатыр. Мәселен, ауыл тұрғындары жол қауіпсіздігі мәселелеріне алаңдаулы.
Мысалы, Қамысты ауданының тұрғыны Темірбек Досжанов жасанды кедергілерді орнату туралы мәселені көтерді. Бұл сұрақты Қамысты ауданының полицейлері ТКШ бөлімімен және ауыл әкімдігімен бірлесіп пысықтайтын болады.
Заречное ауылының тұрғыны Данияр Хамза да жол қауіпсіздігі мәселесін көтеріп, ауыр жүк көліктерінің кіруіне тыйым салу үшін көшеде қосымша белгілер орнатуды сұрады. Бұл мәселені Қостанай ауданының полицейлері де бақылауға алды.
Федоров ауылының тұрғыны Григорий Полищук қару иесіне әр бес жыл сайын рұқсатты ұзарту үшін оқу курстарынан өту керек деген ұсыныспен жүгінді. Тәртіп сақшылары бұл норма кезекті ұзарту кезінде міндетті екенін түсіндірді.
Проблемалық мәселелер мен түсіндірулерден басқа азаматтар өздерінің бастамаларын айтып келіп жатыр. Сарыкөл кентінің әкімдігі жанындағы жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Анатолий Павличенко ауылда ерікті халық жасағын құру бастамасымен полицейлерге жүгінді. Полицейлер бұл мәселені жақын арада қарастырап,міндетті түрде қолдайтын болады.
«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтіп жатқанын атап өту қажет.