Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Дубайға жолдама алып беремін”: ақтаулық тұрғын алаяққа алданып қалды

Дубайға жолдама аламын деген ақтаулық тұрғын алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласының тұрғыны Дубайға саяхат жасау үшін белгісіз тұлғадан жолдама алған. Келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, 51 жастағы тұрғын наурыз айының бастапқы мерзімінде жолға шығу қажет болған. Алайда осы уақытқа дейін күдікті азаматша берген уәдесін орындамаған.

Бұл бойынша жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Оған келтірілген материалдық шығын 658 мың теңгені құрайды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 33 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру