Елордалық ПД-да «Бала және бағдаршам» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Елордалық ПД-да «Бала және бағдаршам» байқауының жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 27 наурызынан 10 сәуір аралығында елорда аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын-алуға, көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
ЖПІШ аясында ағымдағы жылдың 27 наурызында Астана қаласы ПД-ның ғимаратында елордадағы орта мектептердің жас жол инспекторлары арасында «Бала және бағдаршам» бейнероликтері байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Байқауға 500-ге жуық бала мен жасөспірім қатысты, байқауға қатысушылар бейнебаянның жанрын (сұхбат, репортаж, бейнеклип, мультфильм және т.б.) өздері анықтады. Шарт бойынша #Баламенбағдаршам және #Ребенокисветофор хэштегі бар басылымдарды орналастыру болды.
Комиссия мүшелері бейнероликтің жарияланған тақырыпқа сәйкестігін, креативті және шығармашылық көзқарасты, бейнетүсірілім сапасын, бейнежазбамен жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламаларды пайдалануды, әрине, жол қозғалысы ережелерін сақтауды бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша, бірінші орынды №64 мектеп-лицейінің оқушылары, екінші орынды №84 мектеп-лицейінің оқушылары, үшінші орынды №16 орта мектептің оқушылары иеленді. Сонымен қатар 7 номинация анықталды. Олар:
1. «Өнерлілігі үшін» номинациясы бойынша – №75 мектеп-гимназиясының оқушылары жеңіп алды;
2. «Шығармашылық бейне» номинациясы бойынша – №13 орта мектептің оқушылары;
3. «Ең зерек» номинациясы бойынша – Қадыр Мырза Әли атындағы мектеп-лицейінің 1-сынып оқушысы Ерсайын Әли Даниярұлы;
4. «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша №82 Дарын мамандандырылған мектебінің оқушылары;
5. «Тәрбиелік бейне» номинациясы бойынша №15 мектеп-лицейінің оқушылары марапатталды.
6. «Авторлық шығарма» номинациясы бойынша №73 мектеп-лицейінің оқушылары;
7. Қатысқаны үшін №24 орта мектеп, №59, №72 мектеп-лицей, №6, №51 мектеп-гимназиясы, сондай-ақ, №51 қосымша білім беру мектеп-орталығының оқушылары марапатталды.
– Мектеп оқушыларының жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастырудағы маңызды рөлдердің бірі ұстаздарға жүктеледі, олардың ішінде Мадина Серкебай, Кенжегүл Бүркітбаева, Ақнұр Әбдікәрімова, Назерке Мейрамхан, Диана Жайлаукешова, Айдана Берекеқызы, Мөлдір Ақылбаева, Айым Қаршығаны ерекше атап өткіміз келеді. Сондай-ақ ата-аналардың балаларға көмектесу немесе олармен бірге жарысқа қатысу үлесі маңызды. Расында, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жол ережесін сақтап, оны балаларына үйрететін ата-аналардың өнегесі басты рөл атқарады. Ата-аналар – Гүлмира Ділдебаева мен Айнагүл Сағитова ерекше атап өтілді. Жалпы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың жол-көлік жарақаттары мен өлім-жітімі деңгейін төмендету ерекше бақылауға алынған-дейді Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков.