Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері ерекше балаға арналған экскурсия ұйымдастырды

Қостанай полицейлері ерекше балаға арналған экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Лев есімді балаға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады. Ол үшін қызыққа толы бағдарламаға экскурсия ұйымдастырылды. 


Іс-шара Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайында өтті. Оның қорында 2,5 мыңнан астам экспонат бар: халық милициясының қызыл таңғыштарынан қазіргі заманғы тәртіп сақшыларының форма үлгілері, қылмыстық қару-жарақ арсеналы сақталған. Лев Кокин өзі үшін көптеген жаңа және қызықты дүниелерді біліп, ақпараттарды қызығушылықпен тыңдады.

Ал Қостанай облысы ПД жедел басқару орталығында Лев қалада 300-ге жуық заманауи бейнебақылау камералары жұмыс істейтінін білді. Олардың бейнесін тәулік бойы полицейлер бақылайды. Автокөлік апаттары, бұзақылық, абаттандыру ережелерін бұзу-камералардың функционалы құқық бұзушылардың орналасқан жерін нақты уақыт режимінде белгілеуге, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Экскурсия соңында Лев Кокин полиция көлігіне мініп, қаланы аралап шықты.

– Мен Қостанай облысы полиция департаментімен байланысқа шығып, балам үшін жеке экскурсия ұйымдастыруды сұрадым. Өтінішімді орындағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Экускурсия барысында біз көптеген жағымды эмоциялар алдық, – деді баланың анасы.

Полиция департаменті жыл басынан бері Қостанай облысы ПД мұражайына 1500-ден астам оқушы келгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру