Қостанай облысының полиция департаментінде жедел кеңес өтті
Қостанай облысының полиция департаментінде 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өтті, сондай-ақ ҚР ІІМ алқасының шешімдері аясында алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі М.Ахметжанов алқа отырысында қылмыстың алдын алудың толыққанды жүйесін қалыптастыру қажеттілігіне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, жұртшылық пен халықтың ортақ жауапкершілігіне назар аударды. Бұл қағидаттар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізін қалады. Жедел-қызметтік жұмысты қорытындылай келе, полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков өңірде 2014 жылдан бері қалыптасқан қылмыс деңгейінің 20,6%-ға төмендеу үрдісі байқалып отырғанын атап өтті.
Полицияның практикалық қызметіне ашықтық, айқындық, сервистік модельге көшу, цифрландыру үдерістерін енгізу қағидаттарын енгізудің арқасында көшелер мен қоғамдық орындарда тыныштық орнады.
Қостанай облысы ПД штабының басшысы Елена Васильеваның баяндамасында қылмыстың барлық дерлік түрлері бойынша, атап айтқанда, ауыр және аса ауыр түрлер бойынша 6%-ға төмендеу байқалғаны айтылды. Полиция қызметкерлері жыл басынан бері есірткі сатудың 64%-ға көп фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан үш келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Өңірде «қадамдық қолжетімділікте» қағидаты белсенді түрде енгізілуде. Ол қызметкерлердің қоғамдық орындарда тұрақты болуының әсерін қамтамасыз етеді.
Өткен жылы Рудный және Жітіқара қалаларында, Әулиекөл ауданында үш стационарлық бекет пайдалануға берілді. Бүгінде полицияда халықпен кері байланыс арналары жұмыс істейді. Өз аумақтарындағы барлық учаскелік полиция инспекторлары жалпы үй чаттарына қосылған. Осындай жұмыстың арқасында құқық бұзушылықтардың алдын алу халықпен тығыз байланыста жүргізіледі. Жол қауіпсіздігі саласында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. ЖКО-да қаза тапқандар саны жыл басынан бері 5,3%-ға азайды. Биыл өңірде 60 «Сергек» автоматты кешені орнатылады.
Облыста интернет-алаяқтық деректерінің тіркелуі 22%-ға төмендеген. Сонымен қатар Қостанай полициясының жұмысына «CyberPol» жүйесін енгізу мәселесі шешілуде. Бұл – ІІМ цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстармен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау және халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру үшін іске қосылған пилоттық жоба. Департамент бастығы Ерлан Омарбеков заңдылық пен тәртіпті сөзсіз сақтауға, өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, кадр саясатын жетілдіруге ерекше назар аударды және қызметкерлердің заң бұзушылықтары үшін басшылары жеке жауап беретінін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша полиция басқармалары мен бөлімшелерінің басшыларына тапсырмалар берілді. Онда 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген түзетулерді ескере отырып, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу басты басымдықпен белгіленді.