Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да азаматтардың 350-ден астам өтініші қаралды

Жыл басынан бері Қостанай облысының полиция департаментінде 350-ден астам өтініш қаралды, оның 100-і басшылықтың назарында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өңір тұрғындары құқықтық тәртіп саласының түрлі мәселелерін белгілейтін өтініштер үнемі қаралады.

– Жыл басынан бері түрлі мәселелермен жүгінген азаматтар саны 20%-ға өсті. Бұл көрсеткіш қоғамның қауіпсіздік мәселелерін шешуге белсенді қатысып жатқандығын көрсетеді, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Мәселен, азаматтарды кезекті қабылдауға ПД басшысына облыстың 3 тұрғыны жүгінді. Тобыл қаласының тұрғыны ұлы мен оның балалары қатысы бар жағдайға алаңдайды. Бұрынғы әйелі ажырасқаннан кейін екінші рет тұрмысқа шыққан. Оның пікірінше бұрынғы келінімен бірге тұратын адам, немерелеріне жаман қарайды. Жағдайды дереу жергілікті полиция қызметі бақылауға алды.

Бүгінде заңнамалық өзгерістер шеңберінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. 1 шілдеден бастап абьюзерлерге әкімшілік қамауға алу қолданылуы мүмкін, оның мерзімі ұзартылған.

— Адамдармен бетпе-бет кездесу-қазіргі полиция қызметкерінің жұмысының қажетті бөлігі. Бұл қоғамдық жағдайды бақылауда ұстауға, халықтың құқықтық тәртіп мәселелеріндегі тәжірибесіне сүйенуге мүмкіндік береді. Бұл сервистік полицияның мықты іргетасын қалауға септігін тигізеді, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Азаматтардың мәселелерін шешу үшін полиция департаментінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде түрлі тетіктер құрылады. Проблемалар ғана емес, олардың пайда болу себептері де талданады. Тәжірибе көрсеткендей, жеке әдістер-бұл процесстегі ең тиімді құрал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру