Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының ПД-да қоғамдық кеңестің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өтті

Қостанай облысының ПД-да қоғамдық кеңестің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы полиция департаментіне «Аманат» партиясы Қостанай облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмыс тобы келді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының 2022-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Жұмыс тобы патрульдік полицейлердің техникалық жабдықталуымен танысты. Сондай-ақ жедел басқару орталығына барып, қылмыстық процестің үш буынды моделімен танысты.

Қоғамдық кеңес өкілдері полиция көрсететін қызметтердің сапасына ерекше назар аударды. Мысалы, азаматтар тәртіп сақшыларының жұмысы туралы өз пікірлерін барлық полиция бөлімдерінде, кезекші бөлімдерде және патрульдік машиналарда орналасқан QR-кодты сканерлеу арқылы қалдыра алады.

– Мұндай кері байланыс полицияның жұмысын жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар полиция департаментінде қызметкерлердің үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленіп, енгізіліп жатыр. Ол кадрлық әлеуетті дамытуға, полицейлерді этикалық стандарттар мен коммуникациялық дағдыларға үйретуге бағытталған, – деді жұмыс тобына өзіндік қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары Асхат Әскербеков.

«Аманат» партиясы Қостанай филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Өтебаева «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың ашық жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды енгізуге және дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл тетіктер Қостанай облысының ПД-да белсенді енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру