Алматы полицейлері концерт «ұйымдастырушысын» қамауға алды
Алматы полицейлері концерт «ұйымдастырушысын» қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық баюдың мұндай әдісін бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 44 жастағы Ж.есімді азамат ойлап тапқан. Ер адамның жақсы психолог екені белгілі болды, ол әңгімелесушінің сеніміне оп-оңай кіреді.
– Бұл жағдайда күдікті өзін мемлекеттік органдардың бірінің өкілімін деп таныстырды. Ол шығармашылық ұжымдарға қоңырау шалып, олардың жетекшілерін елордадағы үлкен концерттерге қатысуға шақырып, сонымен қатар жоғары қаламақы мен толық аншлагты уәде еткен. Бірақ шараны «ұйымдастырушы» алдымен екі бағытқа билет құнын және бүкіл ұжымның қонақүйде тұру ақысын төлеуді сұрады. Жәбірленушілердің кейбірі бейтаныс жігітпен ынтымақтасып, оның талаптарын орындаған. Соңында уәде етілген концерт те, ақша да жоқ, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Күдіктіні Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі мен қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол УҰИ-ға қамауға алынды. Полиция ұсталған адамды таныған жағдайда, азаматтардан мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 8-707-515-47-35 және 8-700-771-81-77.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.