Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен екі тонаудың бетін ашты

Қостанайлық полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен екі тонаудың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рудныйда «102» пультіне екі адамның дүкенге кіріп, дүкен сатушысы алыстаған сәтте, кассадан 20 мың теңге алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Әйел күдіктілерді есте сақтап үлгерген және полицияға қылмыс дерегі туралы хабарлады.

Оқиға орнына патруль жіберілді, сонымен бірге осы аудандағы бейнебақылау камераларынан бейнені бақылау кезінде ЖБО қызметкері Зарина Тілеукенова белгілері бойынша ұқсас екі адамды байқады.

Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел ұстады. Олардың бірі 30 жастағы рудныйлық ер адам болып шықты, одан ұрланған ақша тәркіленді.

Екінші қылмысты Рудный полицейлері орталық базар аймағында ашты. Белгісіз адамдар сауда сөресінен спорттық костюмді ұрлап кеткен. Бейнебақылау камераларын қарау барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар Рудный қаласының 19 жастағы және 20 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі облыста бейнебақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 11 мыңға жуық құқық бұзушылық пен 60 қылмыс ашылғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру