Елордалық полицейлер кіреберістен велосипед ұрлаған азаматты анықтады
Екі бірдей велосипедтің құлыптарын бұзып, ұрлап кеткен елордалық тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы қала тұрғынын велосипед ұрлауға қатысы бар екендігін анықтады.
Кіреберістегі орнатылған бейнебақылау камералары пальто киген белгісіз ер адамның велосипед сымын кесіп, оның бөтен велосипедпен кетіп бара жатқанын түсіріп алған. Аталған ұрлық таңертеңгі уақытта Петров көшесінде орналасқан үйде болған.
Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған астаналық өз кінәсін мойындады.
Ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ол оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға екі дөңгелекті көліктерді қараусыз қалдырмауды ескертеді. Велосипедтерді ұрылардың жеміне айналдырмау үшін ұрлыққа қарсы жоғары сапалы құлыптар мен шынжырларды пайдаланыңыз.