ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Ақмола облысының ҚАЖ мекемелеріне іссапармен барды
ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев жұмыс сапарымен Ақмола облысының ҚАЖ мекемелеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сағат Мәдиев облыс бөлімшелерінің медициналық бөлімдерін, асханаларды, тұрғын үй-жайларды, кәсіптік колледжді және негізгі өндірістік-шаруашылық объектілерді аралап жеке құрамның жұмысын тексерді. ҚАЖК бірінші орынбасары тергеу-қамауына алынғандар мен сотталғандарды ұстау шарттарымен танысып, үй-жайларды камералық аралауды және бейнебақылау жүйесін тексерді.
«Еңбек-Көкшетау» РМК өкілдері облыстың ҚАЖ және республикалық ведомство басшыларына қолданыстағы өндіріс объектілерін және қолда бар пайдаланылмаған алаңдарды ұсынды. Тұрғын үй-жайларды аралау барысында Сағат Мәдиев жасақтарда белгіленген электрондық терминалдарға ерекше назар аударды.
– Мемлекеттік органдарға өтініштерді өз бетінше беру мүмкіндігін және терминалдың қоғамдық орналасқан жерін ескере отырып, сотталғандарда заңда белгіленген шағымдар мен өтініштерді жіберу мерзімдері бойынша сұрақтар туындамауы тиіс, – деп атап өтті Сағат Мәдиев.
ҚАЖК басшылығы №7 мекеменің үздіксіз бейнебақылау жүйесінің жай-күйін, оның тиімділігін, алты жүзден астам бейнебақылау камералары шығарылған операторлық бөлмесін тексерді. Бақылаушы-операторлармен әңгімелесу барысында ҚАЖК басшысының орынбасары, сотталғандардың периметріндегі бұзушылықтарды тіркеумен негізгі экранды толықтыруды ұсынды.
Сотталушылардың жұмыспен қамтылуы және еңбек жағдайлары, жоспарлы тексеріс тармақтарының бірі болды. «Еңбек-Көкшетау» РМК жұмыс цехтарына, жеке кәсіпкерге, дайын өнім үлгілерінің үй-жайларына барғаннан кейін, ҚАЖК төрағасының орынбасары өндірісті кеңейтуді, жеке бизнесті өзара тиімді ынтымақтастыққа тартуды, сотталғандардың еңбек нарығындағы сұранысын ескере отырып, кәсіптік білім алуын қолдауды ұсынды. Құрылысқа дайындалып жатқан аумақты аралау барысында Сағат Кентайұлы жалпы ұсыныстар бере отырып, тәжірибесімен бөлісті.
Барлық ұсыныстар назарға алынды.