Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Мотоцикл” ЖПІШ аясында 20-дан астам құқық бұзушылық анықталды

ШҚО-да “Мотоцикл” ЖПІШ аясында 20-дан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19-21 мамыр аралығында Күршім ауданының аумағында “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

ЖПІШ мақсаты – жол-көлік жарақаттануының алдын алу, басқа да жол жүрісі қағидасын бұзушылықтар, сонымен қатар түнгі уақытта мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуын анықтау болды.

Өткізілген үш күн ішінде тәртіп сақшылары 20-дан астам ҚР ЖҚЕ-нің бұзушылықтарын, оның ішінде Маралды ауылында алкогольдік масаң күйде мотоциклді басқарудың бір дерегін анықтаған.

Жоғарыда аталған ауылға бара жатқан полицейлер көлік жүргізу қағидаларын бұзған мотоциклшіні байқаған. Тәртіп сақшылары тарапынан көлік құралын тоқтату туралы бірнеше рет ескертулеріне жүргізуші тек қозғалыс жылдамдығын арттырған. Нәтижесінде 49 жастағы ауыл тұрғыны жол-көлік оқиғасын жасап, дене жарақатын алып, амбулаториялық пунктіге жеткізілген.

Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйде болғанын көрсеткен.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру