Ақтөбеде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды
Ақтөбеде жол ережесін бұзған мас жүргізуші анықталды. Белгілі болғандай, ол бұған дейін көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 мамырда патрульдік полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы Әз-наурыз көшесінде жол ережесін бұзғаны үшін Hyundai Accent көлігін тоқтатқан. Көлікті 42 жастағы жүргізуші басқарған. Тексеру кезінде жүргізуші бұрын 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, көлік құралын масаң күйде басқарғаны анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылады.