Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада үйдің кіреберісінде кейуанаға шабуыл жасаған рецидивист қолға түсті

Елордада рецидивист үйдің кіреберісінде 86 жастағы әжеге шабуыл жасаған,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті зейнеткердің азық-түлік салынған сөмкесі мен әмиянын тартып алған. Бұл шабуыл күндіз  Жұбанов көшесіндегі үйдің кіреберісінде орын алды. Түскі уақытта дүкеннен қайтып келе жатқан әжейдің ізіне түскен ер адам, оның артынан кіре беріске дейін келген. Әже ешқандай сезіксіз баспалдақпен ақырын көтеріле берген. Ер адамның аңдып келе жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол әрі қарай әжейдің артынан көтеріліп, бірнеше секундтан соң пакетпен жүгіріп шыққан.

Қорыққан әже көршісінің есігін қағып, полиция шақыруын өтінген.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы азаматтың «ізін суытпай» қолға түсірді. Ол бұрын бірнеше рет істі болғаны белгілі болды. Күдіктінің олжасы азық-түлік пен ішінде 6 мың теңгесі бар әмиян болды, – дейді Байқоңыр ауданы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру