Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады

Алматы полициясы ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыппұлды өз еркімен төлеу – бұл ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабында көзделген айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарымды өз еркімен орындау.

– Алматы қаласында автоматты режимде жұмыс істейтін 766 “Сергек” автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі орнатылды, бұл 5034 камераны құрайды. Олар жылдамдықты асыру, жол белгілері мен таңбалау талаптарын бұзу, бағдаршамның тыйым салынған дабылына жүру және қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүру сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркейді. Әкімшілік нұсқаулар ЕРАП өңдеу орталығының деректер базасында қалыптасады, одан кейін көлік иелеріне смс-хабарлама жіберіледі. Көлік иелері әкімшілік айыппұлды 7 күн ішінде 50% жеңілдікпен төлейді. Жеті күннен кейін айыппұл 100% сомаға ауыстырылады және 30 күн ішінде ерікті түрде төленеді. ҚР ӘҚБтК-нің 894-бабына сәйкес, 30 күннен кейін әкімшілік ұйғарым мәжбүрлеп орындату үшін Жеке сот орындаушылар палатасына жолданады, – деді Алматы қаласы ПД ӘПБ-ның әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инспекторы Самат Әбжапаров.

Полицияда Алматы қаласы аумағында борышкерлерді, сондай-ақ өз еркімен әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген адамдарды анықтау бойынша тұрақты негізде шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру