Ақмолалық полицейлер жалған дипломдарды пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады
Ақмола полицейлері білім туралы жалған дипломдарды пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 мамыр күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне «Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-дан 34 жастағы ер адамның «электромонтажшы» мамандығы бойынша Көкшетау қаласының кәсіптік лицейін бітіргені туралы жалған диплом ұсынғаны туралы материал келіп түсті.
Сол күні Көкшетау қаласының полициясында жалған құжаттарды ұсынумен тағы бір дерек тіркелді.
Құқық қорғау органдарына оқу орнының өкілі Солтүстік Қазақстан облысының 34 жастағы тұрғыны «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жергілікті оқу орындарының бірі берген жоғары білім туралы жалған диплом ұсынғанын хабарлады.
Аталған деректер 385-бабының 3-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлкеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Анықталғандай, жалған дипломдардың иелері осы мамандықтар бойынша жұмыс істеп үлгерген.