Шымкентте есірткі қылмысына қарсы 60-қа жуық профилактикалық іс-шара өткізілді
Жыл басынан бері Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі профилактикасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жалпы 55 түрлі іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде 32 дәріс, 6 семинар, 5 акция, 3 дөңгелек үстел, 2 спорттық шара, 2 қызметтік кездесу, 1 конкурс, және 4 басқа да іс-шара бар. Аталған профилактикалық шараларға жалпы 2445-тен астам адам қатысты. Оған мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес орган өкілдері, қоғам белсенділері, танымал тұлғалар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, блогерлер мен еріктілер жұмылдырылды.
Олар азаматтарға салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою, халық арасында нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заңда белгіленген жауапкершіліктің ауыртпашылығын түсіндіруге атсалысты.
Атқарылған жұмыстарды ақпараттық кеңістікте насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 25 бейнематериал жарық көрді.
Сонымен қатар полиция департаменті басшылығы тарапынан есірткі қылмыстарының жай-күйі мен оның заңдылығы ерекше бақылауға алынып, оның тиімділігін арттыру бойынша қосымша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.