Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қызметтік иттің көмегімен бір аптада жоғалған екі бала табылды

Шымкентте қызметтік иттің көмегімен бір аптада жоғалған екі бала табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамыр күні Абай аудандық полиция басқармасының «102» арнасына 6 жасар қыздың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Анасының айтуынша, оқушы қыз сабақтан кейін үйіне қайта оралмаған.

Хабарды алған Ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тез арада көрсетілген мекенжайға аттанған. Полицейлер көршілерден, мұғалімдерден сұрастырып, мектеп аумағын және бейнебақылау камераларын мұқият тексерген.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары қыздың қоғамдық автобусқа мініп, «Бекжан» базарының аялдамасында түскендігін анықтады.

Іздеу жұмыстарына Рекс есімді қызметтік иті бар кинолог-инспектор жұмылдырылды. Ол киім иісінің көмегімен жоғалған жасөспірімді жарты сағаттың ішінде тауып алды. Анықталғандай, қыз анасының ауруханаға баратынын біліп, соңынан еруге бел буған.Табылған бала аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Айта кетейік, бір апта бұрын Рекс жоғалған 2 жасар бөбекті табуға көмектескен болатын.

Рекс Шымкент қаласы полиция департаментінде бір жылдан астам қызмет етіп, тәртіп сақшыларының адал көмекшісіне айналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру