Ақтөбелік тұрғынның көлігін жалға алып, сатып жіберген азамат ұсталды
Ақтөбелік тұрғынның көлігін жалға алып, сатып жіберген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғыны полицияға жүгінді. Жәбірленуші азаматшаның айтуынша, жыл басында ер адам күн сайын 8 мың теңге төлеймін деп Ваз-2115 автокөлігін жалға алған. Басында ер адам ақшасын төлеп отырған. Алайда сәуір айынан бастап төлем жасауды тоқтатқан. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері 33 жастағы ақтөбелікті анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті мамыр айының басында көлікті белгісіз адамға сатып жібергені анықталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті мүлікті сақтау үшін жеке мүлікті жалға беру кезінде келісімшарт жасау қажет екенін еске салады.