Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейдегі ҚАЖД қызметкерлері мереке қарсаңында аналар үйіне барып қайтты

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №20 мекеме қызметкерлері халықаралық балаларды қорғау күніне орай аналар дағдарыс үйінде тұратын балаларды қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аналар үйі – қиын жағдайға түскен жас аналардың паналайтын мекені. Мұндағы әйелдер мен балаларадың тағдыры әр түрлі. Бірі «Ұят!» деген сөзден қорқып қоғамнан жасырынып жүрсе, енді бірі шарасыздықтан келеді.


Қызметкерлер тағдырдың тәлкегімен аналар үйін паналап жүрген балаларға қажетті тағамдар мен жөргектер, тәттілер мен жеміс-жидектер табыстай отырып, еліміздің жарқын болашағы балалардың тағдырына бей-жай қарамайтынын атап өтті.

Қызметкерлер бүлдіршіндермен ойындар ұйымдастырып, мекеме психологтары аталған мекемеде өмір сүріп жатқан аналармен тренингтер өткізді.

– Бала қуанса әлем қуанады. Бүлдіршіндердің күлкісінен асқан бақыт жоқ. Бұл қайырымдылық шараның негізгі мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау. Бала анасымен бақытты. Сол себепті тағдырлары аямай сынаған аналарға психологиялық көмек көрсетіліп, тренингтік жаттығулар өткізілді, – деді мекеме психологы Назгүл Шакаримова.

Қазір дағдарыс орталығында баласымен жалғыз қалып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған 17 әйел тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру