Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында есірткіге қарсы науқанға қоғам белсенділері де атсалысып жатыр

Жамбыл облысында есірткіге қарсы ауқымды айлық аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы азаматтық белсенділермен бірлесіп іс-шаралар өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соның бірі “Білім” кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде “Есірткісіз болашақ!” атты Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ, “Нығмет нұры” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың назарын синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің пайда болу қаупіне, оларды қолданудан қорғаудың маңыздылығына, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану қағидаттарын қалыптастыруға аудару болды.

Полицейлер есірткі заттарын пайдаланудың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік және тыйым салынған заттарды пайдаланудан жастардың денсаулығына теріс салдарлар мәселелерін қарады.

Қатысушыларға облыс ПД кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерінің қойылымдары көрсетілді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық препараттардың таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына үлкен қауіп төндіретінін атап өтті. Оның алдын алу нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресте басты элементтердің бірі, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру