Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері мен банк өкілдері интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелерін талқылады

Қарағанды облыстық полиция департаментінде екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Аталған іс-шараны полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараға «РБК банк» АҚ өкілі, «Евразиялық банк» АҚ филиалының директоры, «Халық банк» АҚ, Хоум кредин банк, Банк центр кредит, Kaspi Bank, «Jusan Bank» және ForteBank өкілдері қатысты.

– Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – интернет-алаяқтықтың алдын алу. Қазіргі таңда алаяқтардан тұрғындарға жалпы соммасы 1 миллиардтан астам шығын келіп отыр. Интернет-алаяқтығының ең көп тараған түрінің бірі – банк қызметкерлерінің атынан жалған қоңырау шалу. Сондай-ақ алаяқтардың қылмыс жасау түрлері де күн санап өзгеріп отырады. Олар жалған сайттар ашу, жаңа бағдарламалар жасау, әртүрлі сілтемелер ойлап табу. Сондықтан бүгінде бұл қылмыстың саны өсіп келеді. Осыған тосқауыл қою үшін сіздермен бірлескен жұмыс жүргізілуі тиіс, – деді Әбіл Әбілдин.

Тақырыпты талдау барысында Банк центр кредит банкінің өкілі интернет-алаяқтығының түрлері бойынша тұрғындарға сақ болу мақсатында SMS хабарламалар жіберуді ұсынды. Алайда кейбір банктер бұндай хабарламаларды жіберетіндерін тілге тиек етті.

– Біз бұндай SMS хабарламаларды жіберуді қолға алдық. Сондай-ақ біз өзіміздің қызметкерлерімізге алаяқтардан сақтану жолдарын айтамыз. Олар өз кезегінде банкке келіп, қаржылық операциялар жасайтын клиенттермен жұмыс істеу барысында қаржылық операцияны өз еріктерімен жасап жатырма, әлде өзге біреудің қысымымен жасап жатырма барлығын сұрап, оларға қолдау көрсетіп отырамыз. Сонымен қатар банк қызметкерлері банк өнімдерін ұйымдарға таныстыру барысында да алаяқтардың құрбаны болмау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, – деді «Евразиялық банк» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Сәуле Мырзахметова.

Айта кету керек, Сәуле Мырзахметова алаяқтарға ақша салмақшы болған азаматты құтқарып қалған. Жұмыс уақытынан кейін, банктің кіреберісінде тұрған 24/7 бойынша жұмыс істейтін терминалда өзге біреудің телефон арқылы айтуымен қомақты қаражатты терминалға салмақшы болып тұрған егде жастағы азаматты байқаған. Осыдан кейін С.Мырзахметова өзінің орынбасары Г.Жақсыбаева екеуі азаматқа жақындап, алаяқтарға ақша жіберейін деп жатқанын түсіндірген. Егде жастағы азамат өз-өзіне келіп, бұл әрекетін тоқтатқан. 

Кездесу барысында бірқатар банк өкілдері тұрғындарға SMS хабарламалар жіберу нәтиже бермейді дегенге келіп, алаяқтықтың алдын алу үшін бейнеүзіктер жасауға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ екі тарап сауда үйлеріне интернет-алаяқтығы бойынша көрнекі ақпарат, яғни баннерлер ілу туралы ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар банк өкілдері полиция қызметкерлеріне интернет-алаяқтығының алдын алу бойынша бейнеүзіктер байқауын жариялауды ұсынып, ақшалай көмекті өздері көтеретінін және үздік шыққан бейнеүзікті барлық банк бөлімшелерінде орналастыратынын жеткізді.

Жиын соңында департамент бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин кездесуде көтерілген барлық сұрақтар күн тәртібіне қойылып, жұмыс жасалатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру