Атырауда пробация қызметкерлері көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасады
Атырауда пробация қызметкерлері мереке күні көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке. Аталған мерекеге орай Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің жеке құрамы есепте тұрған сотталған еріктілермен бірігіп пробациялық бақылауда тұрған жұмыссыз, аз қамтылған азаматшаның балаларына қуаныш сыйлап, мерекесімен құттықтап барды.
Бүлдіршіндерді киім-кешекпен, азық түлікпен қамтамасыз етіп, сыйлықтар үлестірілді. Қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы осындай қайырымдылық шараларынан басшылық және жеке құрам қалыс қалмайтындығын және үнемі атсалысып отыратындығын атап өтті.
Сондай-ақ осындай мерекеде назардан тыс қалмаған тұрғын пробация қызметкерлері мен еріктілерге алғысын айтты.