Ақмола облысында айыптұрақтағы мотоциклді теуіп кеткен күзетші анықталды
Ақмола облысында айыптұрақтағы мотоциклді теуіп кеткен күзетші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұланды аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Макинск қаласында Racer маркалы мотоциклді тоқтатқан. Тексеріс барысында бұл мотоцикл Макинск қаласының мамандандырылған автотұрағында осы көлікті басқаруға құжаттардың жоқтығы үшін тұруы керектігі анықталды.
Мән-жайды анықтау барысында жігіт осы мамандандырылған автотұрақта күзетші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Екі доңғалақты көлік құралын бір тәулікке ала тұруға шешім қабылдаған. Алайда қырағы тәртіп сақшылары қылмыстың жолын кесті.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.