Астанада жиһаз жасаушы тұрғынды алдап кетті
Астанада жиһаз жасаушы тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны арызбен жүгініп, белгісіз ер адам оған үстелдің үстіңгі қабатын жасауға уәде беріп, алдап кеткенін айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Жәбірленуші жиһаз жасаушы ретінде хабарландыру бойынша тапқан күдікті оның үйіне келіп, өлшемдерін алып, алдын ала төлем алған. Бірнеше күн ішінде ол тауарды әзірлеп, әкеліп беруге уәде берген. Қаланың сенгіш тұрғыны оған сеніп, банктің қосымшасы арқылы ақша аударған, бірақ жиһаз жасаушы байланысқа шықпай, жоғалып кеткен.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.