Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада бутиктен киім ұрлаған азамат анықталды

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 21 жастағы елордалықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында, жігіттің сағат 19:00 шамасында Алаш тас жолы бойында орналасқан сауда үйіндегі киім сататын бутиктердің біріне келгені анықталды. Күдікті сауда залында клиент кейпінде тауарларды қарап жүріп, ешкімнің бақылап тұрмағанын пайдаланып, шалбар мен жейдені жасырын ұрлап алып, дүкеннен шығып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 115 мың теңгеге жуық қаражатты құрады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті сауда қызметкерлеріне қырағы болуға, күдікті тұлғаларға назар аударуға және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру