ШҚО полицейлері облыс тұрғынынан 2,4 келі марихуана тәркіледі
ШҚО полицейлері облыс тұрғынынан 2,4 келі марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Шемонаиха полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 32 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.
Ұсталған адамнан марихуана салынған полимерлі қапшық табылды. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы 2 келі 400 грамды құрады.
Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.