Жетісу облысында масаң күйде көлік тізгіндеген 250 жүргізуші ұсталды
Жетісу облысының полицейлері алкогольдік мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтау бойынша шараларды күшейтуді жалғастырып жатыр. Тек биылғы жылдың өзінде облыстың автожолдарында мас күйінде көлік жүргізген 250 азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы дерек 22 маусымда Текелі қаласында тіркелді, онда патрульдік полиция қызметкерлері Nissan Maxima көлігін тоқтатты. 35 жастағы шетелдік көліктің жүргізушісі мас болған, бұл медициналық сараптамамен расталды.
– Арнайы деректер базасын тексеру кезінде ер адам 2020 жылдың мамыр айында осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Осыған байланысты жүргізуші енді ҚР ҚК-нің 346-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, көлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Текелі қаласы полиция бөлімінің бастығы Мәулен Қасымжан.
Облыстық полиция ұсталғандардың ішіндегі 17 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізу бойынша құқық бұзушылықты қайталағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылғанын нақтылады.