Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 4 фактісі анықталды

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 4 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жер қойнауын заңсыз пайдалану жайттарын анықтап, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бақылауымен 2023 жылдың 19 маусымынан бастап 1 айға жоспарланған жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Оған ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен табиғатты қорғау тобының инспекторлары жұмылдырылды. Яғни, арнайы топпен атқарылған шара барысында 7 күн ішінде 4 факт анықталды.

Мәселен, Жетісай ауданында ауыр техникалармен жер қазып жатқан, Келес ауданы аумағында Келес өзенінен HOWO эксковатор тракторымен ауыр жүк көлігіне тас (шағал) артқан, Арыс қаласынан HOWO көлігімен заңсыз құм тасымалдаған, ал Шымкент – Яллама тас жолының бойында HOWO жүк көлігі тіркемесімен тас (шағал) жүк артып кетіп бара жатқан жерінен тұрғындар анықталып, ұсталды.

Аталған төрт жайт бойынша тиісті құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін экология департаментіне жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдіктің тиісті мамандарымен полицейлердің күн тәртібінен түспей, арнайы шаралар өз жалғасын табатынын еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру