Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында балаларға арналған спорттық ойындар ұйымдастырылды

Түркістан облысының полицейлері сауықтыру лагеріндегі балаларға арналған спорттық ойындар ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Халықаралық есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес күніне” орай Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Есірткісіз болашақ” есірткіге қарсы айлығы аясында балаларға арналған спорттық іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы жанындағы жазғы балалар сауықтыру лагеріне барып, ауқымды іс-шараны ұйымдастырды. Спорттық жарыстарға 100-ден астам жасөспірім қатысты.

Шараның мақсаты – есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру және жастар арасында, салауатты өмір салтын насихаттау. Ал балалар мен жастар арасында өткен спорттық жарыста “Біз есірткіге қарсымыз!” флешмобы, сондай-ақ футбол, волейбол, шахмат және дойбы мен тоғыз құмалақ сынды ойындарда бақ сынады.

Шара соңында жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға Түркістан облысы полиция департаментінің атынан медальдар мен кубоктар, велосипедтер, доптар және басқа да бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері балаларға есірткіні қолданудың зияны туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру