Өзгенің телефонынан қоңырау шалуды өтініп, қашып кеткен астаналық тұрғын анықталды
Өзгенің телефонынан қоңырау шалуды өтініп, қашып еткен 31 жастағы астаналық тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық тұрғын полицияға алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын хабарлады.
Жәбірленушінің айтуынша, Тілендиев даңғылындағы сауда үйінде ер адам оны жақын тартып, сөйлескен. Бейтаныс адам оның сеніміне кірген соң, қоңырау шаламын деген желеумен Samsung A14 маркалы телефонын беруді өтінген. Ұялы телефонды алғаннан кейін ол біреумен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытып, ақырын “ізін суытқан”.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен алаяқтық жасауға қатысы бар 31 жастағы ер адам анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Заттай дәлелдеме тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осы тәріздес қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге ескертеді.