Астанадағы сауда үйінің бірінен кеудешені қолды еткен бикешке қатысты тергеу жүріп жатыр
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының полицейлері елорданың 25 жастағы тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктінің сауда үйінде киім сататын бутикке кіріп, әйелдерге арналған жеңсіз киімді алып кеткендігі анықталған.
Бұл сәт бейнекамераға түсіп қалған. Онда күдіктінің бутикке кіріп, ілгіштегі киімдерді қарап жатқанын көруге болады. Содан кейін сатушылардың жұмысбастылығын пайдаланып, ол кеудешені ілгіштен алып, сауда үйінен шығып кеткен бейнесі түскен.
Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қолға түскен бикеш мойындау көрсетпелерін берді.Полиция қызметкерлері елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға оның қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болуды және дүкендерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.