Қарағанды облыстық ПД-да маслихат депутаттары қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын талқылады
Қарағанды облыстық полиция департаментінде облыстық маслихат депутаттары қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірдің маслихат депутаттары полиция департаментінде болып, жеке құраммен кездесті. Кездесу барысында полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов халық қалаулыларына Ішкі істер министрлігімен жүзеге асырылып жатқан жұртшылықпен бірлесіп жұмыс атқарудың қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын түсіндірді.
– Тұңғыш рет жүзеге асырылғалы отырған бағдарлама мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты барлық мәселелердің кең ауқымын қамтып отыр. Тұжырымдаманың негізі қылмысты болдырмау мақсатында оның алдын алу жүйесі бойынша нақты бағдарламалар құру қажет. Тұжырымдама негізгі үш стратегиялық бағытты, яғни қаупсіз қоғам, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және полицияны трансформациялау бойынша жүйелі шараларды көздеп отыр, – деп атап өтті облыстың бас сақшысы Санжар Әділов.
Сондай-ақ департамент бастығы кездесу барысында мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігі мен халықпен әріптестік негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін құратын ведомтвоаралық өзара іс-қимыл жұмысына да егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығарушы және атқарушы билік, сондай-ақ азаматтық қоғам алдына қойған басты міндеттердің бірі қылмыстың алдын алу. Бұл тұрғыда біз, депутаттар, полициямен бірге қоян-қолтық жұмыс атқаруымыз керек. Сонда ғана оң нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенемін. Біз әр азамат өзін жайлы сезінетін қауіпсіз қоғам құрамыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әріптестерімнің атынан полиция қызметкерлеріне атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Өйткені сіздер әрқашан алдыңғы қатардасыздар, – деді облыстық маслихат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қадиша Осапанова.
Сонымен қатар кездесу барысында облыстық полиция департаменті мен оның аумақтық бөліністерінің материалдық-техникалық жағдайы бойынша сұрақтар талқыланды. Жиын соңында облыстық полиция департаменті мен оның аумақтық бөліністерінің материалдық-техникалық жағдайы бойынша сұрақтар талқыланды. Жиында көтерілген мәселелерді маслихат депутаттары жеке бақылауларына алынатынын жеткізді.